Біз туралы Іс шаралар Ресурстар Жаңалықтар Оқыту Байланыс
Жаңалық

Жауғаштыдағы жазықсыз тағдырлар

30.05.2026 Оқу уақыты: 1 мин

Алматы облысы Жауғашты ауылындағы әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан 580 әйелдің қатарында тағдыр тәлкегімен сол жерде дүниеге келген 71 бала тәрбиеленіп жатыр.

Халықаралық Балаларды қорғау күні қарсаңында «BilimInvest» білім беру саласындағы инвесторлардың ұлттық қауымдастығының өкілдері мекемеге арнайы барып, бүлдіршіндер мен жазасын өтеуші аналардың тұрмыс-жағдайымен танысты. Мекеме ережесі бойынша мұнда туған балалар 3-4 жасқа дейін аналарының жанында болады. Тексеру және танысу барысында мекемедегі кітапхана қорын заманауи және қазақ тіліндегі әдебиеттермен толықтыру, қолөнер мен тігін цехтарын жандандыру, сондай-ақ балалардың дамуына ықпал ететін әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету қажеттілігі анықталды. Осыған байланысты қауымдастық өкілдері «Жауғаштыдағы жазықсыз бала» атты қайырымдылық акциясын бастады. Бастаманың басты мақсаты – жабық мекемедегі балаларға қамқорлық көрсетіп, олардың толыққанды дамуына жағдай жасау және әлеуметтік кәсіпкерлік аясында қоғам назарын осы мәселеге аудару. Ұйымдастырушылар барлық бейжай қарамайтын азаматтарды, қоғамдық ұйымдарды және кәсіпкерлерді бұл қайырымдылық бастамаға белсене қатысуға шақырады