О нас Мероприятия Ресурсы Новости Обучение Контакты
Мероприятие

«Тәрбиелеу - білім беру процесі жеке меншік балабақшада: жаңа тәсілдер, жаңа көзқарас» республикалық конференциясы өтті

16 мамыр 2025 Время чтения: 1 мин
16 мамыр 2025

Дата

16 мамыр 2025

Участники

ҚР ОАМ «Балаларды ерте дамыту институты» РММ, БОТО «Еркем-Ай Алматы»

Место

Алматы

Алматы облысында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ мен БОТО «Еркем-Ай Алматы» құзыреттілік орталығының ұйымдастыруымен республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шараға еліміздің 12 облысынан 169-дан астам өкіл, оның ішінде Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, білім басқармаларының басшылары, көрнекті ғалымдар, әдіскерлер және мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары қатысты.

Конференцияның басты мақсаты — жекеменшік балабақшалардағы білім беру сапасын арттыру, құзыреттілік орталықтарының озық тәжірибесін тарату және мектепке дейінгі тәрбиеге инновациялық тәсілдерді енгізу. Конференция аясында: • Практикалық алаңдар: Талғар, Қонаев және Жамбыл аудандарындағы 5 базалық балабақшада ашық сабақтар мен шеберлік сыныптары өтті. Қатысушыларға бала денсаулығын нығайту (фитбол, су-джок, степ-аэробика), мемлекеттік тілді «скрайбинг» технологиясы арқылы меңгеру, ұлттық құндылықтар мен құрастыру әрекеттерін дамыту, сондай-ақ шығармашылық шеберханалардың тиімді әдістері көрсетілді. • Пленарлық отырыс: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасының жаңа бағдарлары, цифрлық замандағы біртұтас тәрбие, ұлттық құндылықтарды қалыптастыру және мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту мәселелері талқыланды. Конференция қорытындысы бойынша өңірлерде құзыреттілік орталықтарының желісін кеңейту, жинақталған озық педагогикалық тәжірибелерді республика деңгейінде тарату және ата-аналармен байланысты күшейту туралы қарар қабылданды.