«Алғысым шексіз»: Алғыс айту күні мен ауызашарға арналған тағылымды кеш өтті

Алматы қаласында 1 наурыз 2026 жылы Алғыс айту күні аясында «Асыл ұрпақ» және «BilimInvest» ұйымдастыруымен алғаш рет «Алғысым шексіз» атты рухани кеш ұйымдастырылды. Алғыс айту мерекесі мен қасиетті Ораза айындағы ауызашар дәстүрін ұштастырған бұл жиын кәсіпкер әйелдер мен олардың аналарына құрмет көрсетуге, отбасылық және рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге арналды.
Ауқымды шараға кәсіпкер әйелдер, олардың отбасылары, ақсақалдар мен аналар бірлестіктерінің өкілдері, имам және қоғам қайраткерлері қатысты.

Кеш меймандары ана туралы жүрекжарды әуендермен қарсы алынып, шараның ресми ашылуы «Ассаламуағалейкүм» әнімен басталды. Кеш барысында имам арнайы дуа жасап, бата берсе, ақсақалдар алқасы ақ тілегін білдірді. Ұлттық нақыштағы жарапазан айтылып, Нұрсағила әже бастаған «Аналар бірлестігінің» әжелер ансамблі көрерменге аналық ақ батасы мен әуезді әндерін тарту етті.
Шараның ең толқынысты сәті – «Анаға тағзым» бөлімі болды. Жетістікке жеткен кәсіпкер әйелдер мен олардың сүйенетіні – ардақты аналары туралы бейнеролик көрсетіліп, ел дамуы мен ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлестері үшін аналарға арнайы Алғыс хаттар, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табысталды.

Жиын соңында ұйымдастырушы Батырбекова Күләнда Уәлиханқызы құттықтау сөз сөйлеп, кешті қорытындылады. Қатысушылар ел амандығы мен бірлігі үшін тілек тілеп, естелік суретке түсті.
Тағы да оқыңыз

Тәжірибе мен ізденіс: «Үздік зерттеу жұмысы 2026» байқауы өтті
2025-2026 оқу жылы

«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің негізі» IV республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
30 сәуір 2026

«Назипа Құлжанова және ұлттық мектепке дейінгі педагогика» тақырыбындағы «БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА ИНВЕСТИЦИЯ» Республикалық онлайн форумы
29 сәуір 2026