«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің негізі» IV республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2026 жылғы 30 сәуір күні «BilimInvest» Білім беру саласындағы инвесторлардың ұлттық қауымдастығының ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің негізі» атты студенттердің IV республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы онлайн форматта (Zoom платформасында) өткізілді.
Конференцияға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждерінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша 3-4 курс студенттері қатысты. Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиелік көзқарасты дамыту, студенттердің ғылыми-ізденіс және шығармашылық қабілеттерін арттыру. Конференция барысында қатысушылар ұлттық тәрбие, мектепке дейінгі педагогика, цифрлық технологиялар, ойын арқылы оқыту, этнопедагогика және рухани-адамгершілік құндылықтар бағыттарында ғылыми баяндамаларын ұсынды.

Қазылар алқасының шешімі негізінде төмендегі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды.
І ОРЫН. Ақынбаева Лашын — «Қазақтың ұлттық дәстүрлерін цифрлық ойындар арқылы меңгертудің педагогикалық негіздері». Мекемесі: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті. Ғылыми жетекшілері: Жубандыкова А.М., аға оқытушы, педагогика ғылымдарының кандидаты; Серікова О.С., аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі.
ІІ ОРЫН. Асылбек Құралай Нұрланқызы, Кәрібай Жаннұр Төлегенқызы — «Балабақшадағы мультстудия және жасанды интеллект». Ғылыми жетекшісі: Еркебаева Сәуле Жомартовна, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы, PhD доктор.
ІІІ ОРЫН. Темиралиева София Дулатовна — «Қазақ ойындарының мектепке дейінгі балалардың зияткерлік дамуына әсері». Ғылыми жетекшісі: Қашқынбаева Зәгира Қожабергеновна, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты.
ІІІ ОРЫН. Мәлік Ақбота Дастанқызы, Нұрмұханова Бақыткүл Қайратқызы — «Ертегілер – баланың рухани жемісі». Ғылыми жетекшісі: Жандилдина Роза Есентаевна, Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының магистрі.

Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар лауреат дипломдарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Конференция қорытындысы бойынша ұлттық құндылықтарды мектепке дейінгі білім беру жүйесіне енгізудің маңыздылығы атап өтіліп, цифрлық технологиялар мен заманауи әдістерді қолдану арқылы тәрбиелеу бағыттарының өзектілігі көрсетілді.
Тағы да оқыңыз

Тәжірибе мен ізденіс: «Үздік зерттеу жұмысы 2026» байқауы өтті
2025-2026 оқу жылы

«Назипа Құлжанова және ұлттық мектепке дейінгі педагогика» тақырыбындағы «БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА ИНВЕСТИЦИЯ» Республикалық онлайн форумы
29 сәуір 2026

Алматыда «Әнім де саған, Жырым да саған, Туған ел!» балалар фестивалінің 10 жылдық мерейтойы өтті
25 сәуір 2026