Біз туралы Іс шаралар Ресурстар Жаңалықтар Оқыту Байланыс
Іс шара

Алматыда «Әнім де саған, Жырым да саған, Туған ел!» балалар фестивалінің 10 жылдық мерейтойы өтті

25 сәуір 2026 Оқу уақыты: 1 мин
25 сәуір 2026

Күні

25 сәуір 2026

Орны

Алматы

Алматыда 25 сәуірде мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылығына арналған «Әнім де саған, Жырым да саған, Туған ел!» республикалық фестиваль-байқауының 10 жылдық мерейтойлық Гала-концерті өтті. Шара балалардың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

Мерекелік кешке ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаменті директорының орынбасары Динара Абылканова, «Балаларды ерте дамыту институты» РММ директоры Мария Ерманова және «Асыл Ұрпақ» СРО вице-президенты, «BilimInvest» президенті Күләнда Батырбекова қатысты.

Гала-концертте байқаудың бірінші кезеңінен озық шыққан жас таланттар 4 бағыт бойынша өнер көрсетті: вокал — патриоттық және балалар әндері; көркем сөз — туған жер мен Отан туралы поэзиялық шығармалар; хореография — ұлттық және заманауи би нөмірлері; бейнелеу өнері — балалардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі.

Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен және Гран-при кубоктарымен марапатталды. Сонымен қатар бала тәрбиесіне үлес қосқан балабақша басшылары мен педагогтерге арнайы марапаттар табысталды.

Гала-концерттен кейін сарапшылар мен педагогтер «Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылығын дамытудағы инновациялық тәсілдер мен тәжірибе» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіп, мектепке дейінгі білім беру саласын дамыту мәселелерін талқылады.