2025 жылғы 30 сәуірде Оқу-ағарту министрлігі «Атамекен» ҚР ҰКП және «Асыл Ұрпақ Қауымдастығы» Өзін-өзі реттейтін ұйым» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігімен бірге «Асыл Ұрпақ Қауымдастығы» Өзін-өзі реттейтін ұйымның (ӨРҰ) Құрылтай съезі (бұдан әрі – Съезд) ұйымдастырылды.
Съездің мақсаты жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін Өзін-өзі реттейтін ұйым құру жөнінде бірыңғай шешімдер әзірлеу болып табылады.

Бұл іс-шара еліміздің білім беру жүйесі үшін маңызды оқиға болғаны сөзсіз және ӨРҰ-ның басқару органдары мен құрылымын айқындауға, сондай-ақ негізгі мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл тетіктерін айқындауға бағытталған.
Съезд жұмысына Оқу-ағарту министрлігінің және басқа да мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҚР ҰКП-ның, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың («ЮНИСЕФ» Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Балалар қоры, «ЮНЕСКО» Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы) өкілдері, ӨРҰ құрылтайшылары, білім беру саласындағы сарапшылар және БАҚ қатысты.

Съезд Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен сала өкілдерін барынша қамту үшін офлайн (70 адам) және онлайн (1000-нан астам қатысушы) қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, гибридті форматта өтті.

Құрылтай съезі ӨРҰ қызметінің болашақтағы стратегиялық бағыттарын айқындайды және мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытудағы күш-жігерді біріктіру үшін маңызды алаңға айналды.

Тағы да оқыңыз

Тәжірибе мен ізденіс: «Үздік зерттеу жұмысы 2026» байқауы өтті
2025-2026 оқу жылы

«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің негізі» IV республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
30 сәуір 2026

«Назипа Құлжанова және ұлттық мектепке дейінгі педагогика» тақырыбындағы «БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА ИНВЕСТИЦИЯ» Республикалық онлайн форумы
29 сәуір 2026
