«BilimInvest» білім беру саласындағы инвесторлардың ұлттық қауымдастығының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлері арасында ауқымды Спартакиада өтті.
Спорттық шара 2025 жылдың 1 қарашасында Қарасай ауданы, Іргелі ауылында орналасқан «Nomad International School» мектебінде ұйымдастырылды. Саумал өмір салтын насихаттауды, спортқа қызығушылықты арттыруды және балабақша ұжымдары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуды мақсат еткен жарысқа мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінен құралған тартысты командалар қатысты.
Спартакиада бағдарламасы жекелей және командалық сайыстарды қамтыды. Қатысушылар жекелей спорт түрлері бойынша шахмат, дойбы, үстел теннисі және ұзындыққа секіруден шеберлік байқатса, командалық сында эстафеталық жүгіру (таяқшамен, шармен, секіргішпен, доппен), «Көңілді старт» ойындары (скейтборд, баскетбол добы) мен арқан тартыста бақ сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша ең аз ұпай жинап, жалпыкомандалық есепте озық шыққан ұжым Бас жүлде, кубок және балабақшаға арналған бағалы сыйлықтарды иеленді. Ал жекелей спорт түрлері бойынша үздік өнер көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және медальдармен марапатталды.
Тағы да оқыңыз

Тәжірибе мен ізденіс: «Үздік зерттеу жұмысы 2026» байқауы өтті
2025-2026 оқу жылы

«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің негізі» IV республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
30 сәуір 2026

«Назипа Құлжанова және ұлттық мектепке дейінгі педагогика» тақырыбындағы «БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА ИНВЕСТИЦИЯ» Республикалық онлайн форумы
29 сәуір 2026
