Білім келешегі: Алматыда педагогтердің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

2025 жылдың 19 тамызында Алматы қаласында өңірлік педагогикалық қауымдастықтың басын қосқан дәстүрлі тамыз конференциясы болып өтті. Алқалы жиын «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» ауқымды тақырыбына арналып, отандық білім беру саласының алдағы даму бағдарын айқындауға мүмкіндік берді.
Жиын барысында білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, инклюзивті ортаны дамыту, сондай-ақ «Адал ұрпақ» тәрбие тұжырымдамасы аясында мұғалім кәсібінің беделін нығайту сияқты стратегиялық мәселелер кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар шараға «Асыл ұрпақ» және «BilimInvest» өкілдері арнайы қатысып, маңызды бастамаларға орын берді. Ел болашағын тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды арқау еткен «Асыл ұрпақ» қозғалысының идеялары тәрбие процесін байыта түссе, «BilimInvest» білім беру инфрақұрылымын заманауи талаптарға сай дамыту мен инвестициялық қолдаудың жаңа мүмкіндіктерін таныстырды.
Конференция қорытындысы бойынша Алматы қаласының білім беру жүйесін одан әрі жетілдіруге, білім ордаларының инфрақұрылымын жақсартуға және жас ұрпақты сапалы біліммен қатар, ұлттық тәрбиемен сусындатуға бағытталған нақты шешімдер қабылданды.
Тағы да оқыңыз

Тәжірибе мен ізденіс: «Үздік зерттеу жұмысы 2026» байқауы өтті
2025-2026 оқу жылы

«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің негізі» IV республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
30 сәуір 2026

«Назипа Құлжанова және ұлттық мектепке дейінгі педагогика» тақырыбындағы «БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА ИНВЕСТИЦИЯ» Республикалық онлайн форумы
29 сәуір 2026